Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру

Бұл жоба тірек мектептердің әлеуетін дамытуға бағытталған. Ол үздік оқыту әдістері мен технологияларын енгізу, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасау, сондай-ақ мектептерге әдістемелік қолдау көрсету арқылы білім сапасын арттыруды көздейді. 

2022 жылы шілденің 14-і Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Назарбаев зияткерлік мектептері, «Қазақстан халқына» қоры және AITAS холдингімен бірлесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Осылайша «Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асырды. 

«Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жобаны 5 мектептен 22 мектепке дейін кеңейтіп, елдің жаңа аймақтарында өзгерістер жүзеге асырылды. Бұл – қордың стратегиялық жоспарына сәйкес жақсартылған 17 тірек мектеп. 2023 жылы жобаға тағы 63 тірек мектеп қосылды.

Біздің мақсатымыз – 2026 жылға дейін елдегі 167 аудан мен 27 моноқаланы толық қамту. Біз стратегиялық серіктестер мен демеушілермен ынтымақтастыққа ашықпыз. Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры өз жұмысында жүйелілік пен ашықтық қағидаттарын ұстанады.

Жобаны қаржыландыру

2022 жыл мен 2024 жыл арасында 135 мектеп желісі құрылып, оларға заманауи үлгідегі 4665 кабинет орнатылды. 2025 жылы жобаға тағы 56 мектеп қосылып, 1935 кабинет жаңартылады.

Осылайша, тірек мектептер желісі 191 білім мекемесін қамтып, жаңартылған кабинеттер саны 6600-ге жетеді. Жобаға енген мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 33,5 млрд теңге көлемінде әлеуметтік инвестиция тартылды.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту
Жобадан кейінгі қолдау және білім сапасын мониторингтеу
Жобаны қамту
2262106.png
135
тірек мектеп
1441029.png
98 000
оқушы
1441032.png
10 600
ұстаз
кабинет.png
5 224
жаңартылған кабинеттер
5935220.png
3 000
әдістемелік шараларды жүзеге асырды
Жоба тарихы
шілде 2022
Жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды
қыркүйек 2022
Қатаркөл мектебі жобаға қатысқан 17 тірек мектептің алғашқысы болды, оған «Қазақстан халқына» қорынан 4,25 млрд теңге бөлінді
2023
Тағы 63 тірек мектеп жобаға қосылды
2024
Жобаға 40 мыңнан астам оқушысы бар 56 ауыл мектебі қосылды
Мектеп картасы
Елді мекен
Мектеп атауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Шағырлы 1
Толығырақ
Күйкен жалпы білім беретін мектеп
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Есмамбет 33А құрылыс
Толығырақ
Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56/1
Толығырақ
Ақсай қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектеп
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жеңіс көшесі, 2
Толығырақ
Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Ш.Шарафутдинов көшесі, 23
Толығырақ
Казталов мектеп-лицейі
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қаратаев көшесі, 26-үй
Толығырақ
Қ.Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 34-үй
Толығырақ
Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сафоновка ауылы, Бейбітшілік көшесі №49
Толығырақ
Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта мектеп
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі
Толығырақ
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Х.Аухатов көшесі 85
Толығырақ
Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектеп
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Қазыбек би көшесі 40А
Толығырақ
Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 21
Толығырақ
Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Жаңалықтар
Барлық жаңалық
# News
02.06.2025
Google for Education: 200-ден астам ұстаз арнайы халықаралық сертификациядан өтеді
2025 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қолдауымен еліміздің ауыл мектептеріне Google for Education цифрлық шешімдер жүйесі енгізіледі
# Опорные школы
08.05.2025
Samsung Electronics және ФУРО Қазақстандағы ауыл мектептерін жаңа техникамен қамтамасыз етеді
Samsung Electronics Central Eurasia және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО) білім беру жағдайларын жақсарту және ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары үшін білімді цифрландыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
# Опорные школы
30.04.2025
Семинар: Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту
2025 жылғы 21–29 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы ауылдық жерлердегі тірек мектептерді қолдау жобасы аясында «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында пәндік семинарлар өткізді
# Опорные школы
21.04.2025
Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады

Қазақстанның ауыл мектептеріне Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды

# News
29.03.2025
Елордада ауыл педагогтеріне арналған республикалық интенсив өтті
Елордада ауылдық тірек мектептері мұғалімдеріне арналған «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» атты алғашқы республикалық интенсив өтті
# Опорные школы
18.02.2025
Мұғалімдер медиатехнологияларды меңгеруде: Педагогикалық шеберлік орталығында мектеп телестудияларын құру бойынша семинар басталды!
«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында мұғалімдер мектеп телестудияларын құру және басқару бойынша оқудан өтуде

Новости 1 - 6 из 7
Начало | Пред. | 1 2 | След. | Конец