Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Мектеп туралы
Мектеп 2023 жылы мемлекеттік аттестациядан өтіп, өзінің білім мен тәрбие берудегі лицензиясын сәтті қорғады. Мектеп жанындағы интернатта шалғай елді мекендерден келген және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тәрбиеленіп, білім алуда. Жаңа мөлтек ауданға орналасуына байланысты мектеп 200-ден астам жаңа оқушыны қабылдады. Қазіргі таңда 32 сынып комплектісінде 69 педагог еңбек етуде. Мектептің жобалық қуаты 600 орынға арналған, қазіргі уақытта 698 оқушы білім алуда.
Қазіргі таңда білім сапасы 61,2%-ды құрайды. Мектеп «Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл ауыл оқушыларының болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады.
Материалдық-техникалық база:
Оқу үдерісі физика, химия және биология пәндеріне арналған зертханалар, информатика кабинеттері, электронды кітапхана мен интерактивті білім беру кеңістіктері сияқты мамандандырылған кабинеттерде ұйымдастырылған. Ұл балаларға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханалары мен қыз балаларға арналған тігін шеберханасы оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мектеп заманауи технологиялармен, автономды жылыту жүйесімен және орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген орта қоса алғанда, барлық оқушылар үшін жайлы жағдай жасалған.

Мекен-жайы
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Қазыбек би көшесі 40А
Байланыс
Жетістіктер
-
«Ақберен» республикалық кезең – ІІ орын
-
«Пәндік олимпиада» (тарих, 5-сынып) – республикалық кезең – ІІ орын
-
«ПедСтарт» педагогтер олимпиадасы – республикалық деңгейде – 5 педагог
-
Экологиялық ғылыми жоба – облыстық кезең – ІІ орын
-
Суретшілер байқауы – облыстық кезең – ІІ және ІІІ орындар
-
Облыстық педагогикалық оқу – ІІ және ІІІ орындар
-
«Бастау» – республикалық кезең – ІІІ орын