Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Семинар: Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

# Опорные школы
30 апреля, 2025

2025 жылғы 21–29 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы ауылдық жерлердегі тірек мектептерді қолдау жобасы аясында «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында пәндік семинарлар өткізді.


Семинарлар Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент және Атырау қалаларындағы Зияткерлік мектептер базасында ұйымдастырылып, физика, химия, биология, география, тарих, көркем еңбек және музыка пәндерінің мұғалімдерін біріктірді. Педагогтар тәжірибе алмасып, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістерді талқылады.


Іс-шара барысында қатысушылар лабораториялық және практикалық жұмыстар орындап, шығармашылық жобалар әзірледі, сондай-ақ зерттеу тапсырмаларын орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа педагогикалық идеяларды ортаға салды.


Екі күндік семинарлардың қорытындысы бойынша педагогтар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, алған білімдерін күнделікті сабақ барысында қолдануға дайын екендіктерін білдірді. Олар осындай семинарлардың болашақта қайта өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.


Ауылдық жерлердегі тірек мектептерді қолдау жобасы педагогтардың кәсіби дамуына үлес қосып, заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Другие новости
# News
02.06.2025
Google for Education: 200-ден астам ұстаз арнайы халықаралық сертификациядан өтеді
2025 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қолдауымен еліміздің ауыл мектептеріне Google for Education цифрлық шешімдер жүйесі енгізіледі
# Статья
21.05.2025
Мұғалім тең сапалы білімге қол жеткізудің қозғаушы күші – Ануар Жангозин

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында өзекті мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын атап өтті. Оның басты себебі – ауылдық жерлерде білікті ұстаздар тапшы. Бұған жауап ретінде  Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп,  еліміздегі барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын қолға алды.


2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында жоба «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» Ауылдағы флагман мектептерінің әлеуетін дамыту» ауқымды бастамасының негізіне айналды. Бүгінге дейін жобаға 140-тан астам мектеп қатысты, 2024 жылға қарай (может  2025 жылдың соңы) олардың санын 200-ге жеткізу жоспарланып отыр. 

# Статья
13.05.2025
Тірек мектептер - білім беру мүмкіндіктерін кеңейту құралы — Болат Жәмішев

«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларын толықтыра отырып, өмірдің негізгі салаларында қазақстандықтардың алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған. Қордың негізгі миссиясы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда қайырымдылық көмек көрсету.


Білім беру саласындағы басым бағыттарды айқындау кезінде ауылдағы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет екені белгілі болды. Соңғы жылдардағы статистика білім сапасының нашарлағанын растап отыр.