Google for Education: 200-ден астам ұстаз арнайы халықаралық сертификациядан өтеді
2025 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қолдауымен еліміздің ауыл мектептеріне Google for Education цифрлық шешімдер жүйесі енгізіледі. Пилоттық жобаның алғашқы кезеңіне 20 тірек мектебі қатысады. Бұл жұмыс Google компаниясы мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры келісімдері арқасында алдағы оқу жылы толыққанда басталады.
Жоба аясында ұстаздарды оқыту, ауыл мектептерін арнайы компьютерлік класстармен жабдықтау, мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру сынды жұмыстар атқарылады. Осы ретте, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ мен STEM Solutions компаниясы үшжақты меморандумға қол қойды.
Меморандумға сай тараптар Google жүйесін Қазақстанның білім беру саласына енгізу бойынша бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басшысы Айдана Шилибекова қол қойған келісімдердің маңыздылығын атап өтті:
«Қазіргі таңда білім беру ландшафты әртүрлі стейкхолдерлердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қалыптасып келеді. Бүгін қол қойылған меморандумның нәтижесін мектеп мұғалімдері мен оқушылары жақын арада сезіне бастайды деп сенемін. Бұл бастамалар мұғалімдердің дәрістеріне, оқу контентіне және мектепті басқару үдерістеріне оң әсер етіп, біздің дамуымыздың жаңа кезеңіне жол ашады», - дейді Айдана Шилибекова.
Google for Education - Google компаниясының мектептерде білім беру үдеріс автоматизациялауға арналған жүйесі. Оған оқушылардың дәрістерді түсіну мен орындауды сараптау, сондай-ақ, оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауын оңтайландыратын цирфлық шешімдер кіреді.
Пилоттық жобаға қатысатын алғашқы мектептер Google for Education жүйесінің барлық мүмкіндіктерін биылғы оқу жылы шеңберінде пайдалана бастайды. Ал еліміздің 200-ге жуық ауыл мұғалімі Google Educator бағдарламасы бойынша оқытылып, халықаралық сертификациядан өтеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында өзекті мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын атап өтті. Оның басты себебі – ауылдық жерлерде білікті ұстаздар тапшы. Бұған жауап ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, еліміздегі барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын қолға алды.
2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында жоба «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» Ауылдағы флагман мектептерінің әлеуетін дамыту» ауқымды бастамасының негізіне айналды. Бүгінге дейін жобаға 140-тан астам мектеп қатысты, 2024 жылға қарай (может 2025 жылдың соңы) олардың санын 200-ге жеткізу жоспарланып отыр.
«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларын толықтыра отырып, өмірдің негізгі салаларында қазақстандықтардың алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған. Қордың негізгі миссиясы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда қайырымдылық көмек көрсету.
Білім беру саласындағы басым бағыттарды айқындау кезінде ауылдағы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет екені белгілі болды. Соңғы жылдардағы статистика білім сапасының нашарлағанын растап отыр.
