Күйкен жалпы білім беретін мектеп
Мектеп туралы
КММ «Күйкен жалпы білім беретін мектебі» 2010 жылдың 1 қыркүйегінде ашылып, содан бері үздіксіз даму режимінде жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта мектепте 1659 оқушы білім алуда, бұл көрсеткіш мектептің 807 орынға арналған жобалық қуатынан екі еседен аса жоғары. Оқу-тәрбие үдерісіне 205 педагог тартылған, олардың 184-і жоғары білімді, 21-і арнаулы орта білімді, ал 7 педагог – магистр дәрежесіне ие.
Материалдық-техникалық база:
Оқу үдерісі физика, химия және биология пәндеріне арналған зертханалар, информатика кабинеттері, электронды кітапхана мен интерактивті білім беру кеңістіктері сияқты мамандандырылған кабинеттерде ұйымдастырылған. Ұл балаларға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханалары мен қыз балаларға арналған тігін шеберханасы оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мектеп заманауи технологиялармен, автономды жылыту жүйесімен және орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген орта қоса алғанда, барлық оқушылар үшін жайлы жағдай жасалған.

Мекен-жайы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Шағырлы 1
Байланыс
Жетістіктер
-
2021–2024 жылдары мектеп түлектері 121 мемлекеттік грант иеленді
-
Халықаралық «Roboland 2023» – ІІІ орын
-
«Roboland 2025» облыстық іріктеу – І орын (республикалық жолдама)
-
«Эко эрудит» – облыстық І орын
-
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – 1 млн теңге (ғылым бағыты)
-
«Зерде» ғылыми жобалар конкурсы – республикалық ІІІ орын
-
Республикалық пәндік олимпиада – бірнеше жүлделі орындар (Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті)
-
Омар Рамазан – грепплинг бойынша әлем чемпионы