Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп

Мектеп туралы


Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында орналасқан «Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазіргі ғимараты 1987 жылы пайдалануға берілген. Мектепте 869 оқушы білім алуда. 1–11 сынып аралығында 44 сынып комплектісі жұмыс істейді, 49 сынып жетекшісі бар.

Қазіргі уақытта мектепте 869 оқушы білім алуда. Мектептің жобалық қуаты 720 орынға есептелген, бұл оны аудан үшін маңызды білім ордасына айналдырады.

Материалдық-техникалық база:
Оқу үдерісі физика, химия және биология пәндеріне арналған зертханалар, информатика кабинеттері, электронды кітапхана мен интерактивті білім беру кеңістіктері сияқты мамандандырылған кабинеттерде ұйымдастырылған. Ұл балаларға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханалары мен қыз балаларға арналған тігін шеберханасы оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мектеп заманауи технологиялармен, автономды жылыту жүйесімен және орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген орта қоса алғанда, барлық оқушылар үшін жайлы жағдай жасалған.

Мекен-жайы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі

Жетістіктер

  • Информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Сұлтанова Бақытлы Айткалиевна «KazRoboSport-2024» турнирінде шәкірт дайындап, алғыс хат пен сертификатпен марапатталды.

  • 9а сынып оқушысы Маратұлы Салауат «JASUP» бағдарламасы аясында «KazRoboSport-2024» турниріне қатысып, сертификат алды.

  • Мектепте тірек мектептер ұстаздарымен тәжірибе алмасуға бағытталған түрлі семинарлар мен шеберлік сабақтар жоғары деңгейде өткізілді:

    • «Эмоционалды интеллект – табысты адамның кілті» семинар-тренингі – Г.Жаниева

    • «Canva & Google Gemini» тақырыбында шеберлік сыныбы – К.Сисеманова

    • Республикалық «Олим шыңы» байқауының жеңімпазы Т.Тұрғалидің шығармашылық есебі

    • «Жасанды интеллект – білім саласында» семинары – Л.Ахметова, Г.Серікқызы

    • «Цифрлық қолданбалар» бойынша шеберлік сабағы – С.Аманжол

    • «Ұстаздың дауысы, білімді жеткізу мен коммуникация шеберлігі» тренингі – Д.Таяшова мен И.Отарбаева