Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі

Мектеп туралы


КММ «Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» 1967 жылдан бастап жұмыс істейді. 2017 жылы мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті.


2024 жылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 230 млн теңге бөлініп, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында мектептің барлық оқу және қосымша білім беру кабинеттері заманауи стандарттарға сай жабдықталды.


2024 жылдың 28 тамызында №153 бұйрықпен мектепке тірек мектеп (ресурстық орталық) мәртебесі берілді.


Жобалық қуаттылығы мен оқушылар саны

  • Жобалық қуаттылығы: 500 орын

  • Оқушылар саны: 335 оқушы


Астрахан ауылының №1 тірек мектебі – сапалы білім мен тәрбиені қамтамасыз ететін, жаңартылған инфрақұрылым мен білікті педагогтар ұжымы бар білім ордасы. Мектеп ауылдағы оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасап, аудан мектептерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Мекен-жайы

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 21

Жетістіктер

Педагогтар:

Мұғалімдер түрлі аудандық, облыстық, республикалық семинарлар мен байқауларда белсенділік танытып, төмендегі жетістіктерге жетті:

  • «Үздік сынып жетекшісі – 2024» байқауының облыстық кезеңі — II орын, (Олжабек Сайран)

  • «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы — аудандық және облыстық деңгейде жүлделі орындар

  • «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасы — аудандық кезеңінде бірнеше дипломдар

  • «Жас тарихшылар», «Алтын сақа», «Зерде» секілді түрлі пәндік олимпиадалар мен байқауларда мұғалімдер мен оқушылар жоғары нәтиже көрсетті

  • Мұғалімдерге облыстық білім басқармасы мен министрлік тарапынан бірнеше құрмет грамоталары, алғыс хаттар табысталды


Оқушылар:

  • Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі — I және III орын

  • «Алтын сақа» олимпиадасы — мектепішілік кезеңінде бірнеше оқушы жүлдегер атанды

  • Спорттық, шығармашылық және ғылыми жобаларға белсенді қатысқан