Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

«Ауыл мектебі» фотокөрмесі – Түркістанда!

# News
25 ноября, 2024
WhatsApp_Image_2024-.jpeg

27-қараша күні Түркістан қаласындағы «ÓzgeEpic» креатив хабында ауылдағы білім ошақтарының тыныс-тіршілігіне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл көрме шалғай ауылда орналасқан бір мектептің өмірі мен өзгерістерін сипаттайды. Фотокөрме осыған дейін Астана жұртшылығына таныстырылған болатын.

Көрменің басты идеясы – ауыл мектептеріндегі жаңашыл бастамаларды көрсету. Фотокөрме өңірлердегі білім ошақтарының жаңа технологияларды игеруін, бәсекеге ұмтылысын, елдімекеннің дамуына тигізген әсері мен жергілікті тұрғындардың болмысы мен күнделікті тіршілігін айшықтайды.

Фотокөрме «ÓzgeEpic» креатив хабының бастамасымен және ұйымдастыруымен және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (furo.kz) қолдауымен жүзеге асты. Атап өтерлігі, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры елімізде ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы теңсіздігін азайтуға бағытталған жобаларды іске асырады.
Жоба кураторы – Тоғжан Құрманжанқызы. Жобаға танымал фотосуретшілер Әйгерім Бегімбет және Сәбина Әбдімәлік шақырылды.

Әйгерім Бегімбет – журналист әрі фотосуретші. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. “Үркер” ұлттық сыйлығының лауреаты. “Тіршілік”, “Түркістан әйелдері” фотокөрмелерінің авторы.

Сәбина Әбдімәлік – суретші-фотограф. Фотожұмыстары Алматы, Атырау, Астана қалаларында қойылған. Сонымен бірге “Түсте” жеке фотокөрмесі өткен. Фотоөнермен қатар, деректі фильмдер түсірумен айналысады.
Көрме барысында фотосуретшілер шығармашылық ойларын ортаға салып, көрменің бірнеше кейіпкерін таныстырады. “Ауыл мектебі” – шалғайдағы білім беру мекемелерінің зияткерлік әлеуетін көпшілікке танытуға, сондай-ақ ауыл мектептері мен оқушыларының дамуына жаңа серпін беретін бірегей шығармашылық жоба.

Өтетін орны: «ÓzgeEpic» креатив хабы, Түркістан қаласы, 160 квартал, 252А

Өтетін уақыты: 27 қараша, 16:00

Қосымша ақпараттар үшін: +7 777 563 1002 Манижа Муминова






Другие новости
# News
02.06.2025
Google for Education: 200-ден астам ұстаз арнайы халықаралық сертификациядан өтеді
2025 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қолдауымен еліміздің ауыл мектептеріне Google for Education цифрлық шешімдер жүйесі енгізіледі
# Статья
21.05.2025
Мұғалім тең сапалы білімге қол жеткізудің қозғаушы күші – Ануар Жангозин

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында өзекті мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын атап өтті. Оның басты себебі – ауылдық жерлерде білікті ұстаздар тапшы. Бұған жауап ретінде  Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп,  еліміздегі барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын қолға алды.


2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында жоба «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» Ауылдағы флагман мектептерінің әлеуетін дамыту» ауқымды бастамасының негізіне айналды. Бүгінге дейін жобаға 140-тан астам мектеп қатысты, 2024 жылға қарай (может  2025 жылдың соңы) олардың санын 200-ге жеткізу жоспарланып отыр. 

# Статья
13.05.2025
Тірек мектептер - білім беру мүмкіндіктерін кеңейту құралы — Болат Жәмішев

«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларын толықтыра отырып, өмірдің негізгі салаларында қазақстандықтардың алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған. Қордың негізгі миссиясы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда қайырымдылық көмек көрсету.


Білім беру саласындағы басым бағыттарды айқындау кезінде ауылдағы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет екені белгілі болды. Соңғы жылдардағы статистика білім сапасының нашарлағанын растап отыр.