Мұғалім тең сапалы білімге қол жеткізудің қозғаушы күші – Ануар Жангозин
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында өзекті мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын атап өтті. Оның басты себебі – ауылдық жерлерде білікті ұстаздар тапшы. Бұған жауап ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, еліміздегі барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын қолға алды.
2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында жоба «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» Ауылдағы флагман мектептерінің әлеуетін дамыту» ауқымды бастамасының негізіне айналды. Бүгінге дейін жобаға 140-тан астам мектеп қатысты, 2024 жылға қарай (может 2025 жылдың соңы) олардың санын 200-ге жеткізу жоспарланып отыр.
Біз мектептерді құрал-жабдықтармен жабдықтап қана қоймай, әрбір бала сапалы білім алуы үшін жағдай жасаймыз. Жобада оқу үдерісі заман талабына сай болуы үшін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше мән беріледі.
НЗМ жүргізген ауқымды зерттеу Қазақстандағы ауыл мектептерінің негізгі қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтады. Қазіргі ахуалдың толық портретін жасау үшін сауалнама жүргізіліп, 300 мектеп директоры, 10 000 мұғалім, 4 500 оқушы және 4 700 ата-ана жауап берді.
Ауыл мектептері мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі міндеттердің арасында пәндік білімдерін тереңдету, кәсіби тұрғыда біліктілікті арттырудың нақты бағыттарын құру және заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру мәселелері болды. Сонымен қатар өзге әріптестерінің табысты тәжірибесін өз тәжірибесіне енгізудегі қиындық маңызды мәселенің бірі болды.
Мұғалімдер рефлексия, өз жұмысын талдау, оқушылардың жетістіктерін бақылау және оқу үдерісін жоспарлау дағдыларын дамыту қажет, өйткені оқыту кезінде әр оқушының мақсаты мен одан күтілетін нәтижелерді қамтитын жеке тәсілге ерекше көңіл бөлінеді.
Бұған қоса, біз мұғалімдер, басшылық және ата-аналар арасындағы кәсіби коммуникацияны жақсартуға, сондай-ақ конструктивті кері байланыстың маңыздылығына назар аударамыз.
Бұл мәселелер әдістемелік қамтамасыз ету бағыттарын әзірлеуге негіз болып, мұғалімдер және мектеп басшыларымен тиімді өзара іс-қимыл орнатуға, сондай-ақ ауылдағы оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Кәсіби дағдыларды жетілдіру мұғалімдерге оқу бағдарламасын жақсы түсіндіруге, күрделі тақырыптарды тереңірек меңгеруге және әр оқушының әлеуетін ашуға көмектесетін тапсырмаларды таңдауына көмектеседі. Функционалдық және цифрлық сауат, зерттеу дағдыларын және эмоционалдық интеллектті дамытуға ерекше назар аударылады.
2024 жылы жоба аясында 3885 педагог қамтылды, 256 іс-шара өткізіліп, 44 тағылымдама, 75 көшпелі сессия өтті.
Педагогтердің біліктілігін арттыру, мектептерді жаңғырту бағытында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Оқу жетістіктерінің мониторингі айтарлықтай ілгерілеушілікті анықтады: 4-сыныптарда оқу үлгерімінің артуы 13,8%-ды, 8-сыныптарда – 5,8%-ды құрады.
Сонымен қатар өсу аймақтары анықталды: төртінші сынып оқушылары логикалық есептер мен геометрияны, ал сегізінші сынып оқушылары алгебралық өрнектер мен жаратылыстану пәндерін оқу кезінде қиналады. Бізге мұғалімдердің өз жұмысында мониторинг деректерін белсенді түрде пайдаланғаны маңызды, бұл оқушылардың нәтижелерін жақсартуға көмектеседі.
Қол жеткізген нәтижелерге сүйене отырып, біз одан әрі даму стратегиясын құрып жатырмыз. Ол ұстаздық шеберлікті үздіксіз жетілдіріп отыру, ауылдық жерлерде мәдениет үйлерін құру, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және кәсіби қоғамдастықты нығайтуды көздейді.
Біздің мақсатымыз – Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер тәжірибе алмасып және инновациялық дағдыларымен бөлісіп, еліміздің әр түкпірінде білім сапасын арттыруға көмектесетін біртұтас білім беру экожүйесін құру.
«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларын толықтыра отырып, өмірдің негізгі салаларында қазақстандықтардың алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған. Қордың негізгі миссиясы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда қайырымдылық көмек көрсету.
Білім беру саласындағы басым бағыттарды айқындау кезінде ауылдағы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет екені белгілі болды. Соңғы жылдардағы статистика білім сапасының нашарлағанын растап отыр.
