Ұстаз жетіспеушілігі: Ақтөбе облысының шалғай ауылдарында мәселе қалай шешімін тауып жатыр?
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры қамқоршылық кеңесі төрағасы Күләш Шәмшидинова Ақтөбе облысындағы ауыл мектептеріне барды.
Облыстың білім басқармасы жетекшісі Бұлбұл Күзембаева мен Күләш Шәмшидинова Байғанин ауданындағы бірқатар оқу орындарының жұмысымен танысты. Аудандағы Т. Жармағамбетов атындағы орта мектепте зертханалық кабинеттер жұмысымен, ғылыми жобалар, зерттеу жұмыстары, арт-студия, телестудия, кітапхана мен технология кабинеттеріндегі оқушылардың шығармашылық жобаларымен танысты. Физика пәнінің мұғалімі Шерхан Қозыбайұлы жүргізген онлай сабаққа қатысты. Онлайн сабақ шағын жинақты мектеп оқушыларына арнап өткізілге.
Одан кейін Көкбұлақ ауылындағы магниттік шағын жинақты мектепке барып, оқу үдерісімен, ассистент-мұғалімдердің қызметімен танысты. Цифрлық құралдарды қолдану мен педагогтердің кәсіби даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілді.
Сондай-ақ, тірек және магниттік мектеп директорларымен кеңес өтті. Кеңесте білім жобасы аясында тәжірибе алмасу, кәсіби байланыс орнату, шалғай мектептердегі білім сапасын цифрлық платформалар арқылы арттыру сынды мәселелер талқыланды. Кеңеске қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, жоба аясындағы жұмысты одан әрі жетілдіру жолдарын ұсынды.
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Күләш Шәмшидинова ауыл балалрына сапалы білім беру бастамасы өз жалғасын табатынын атап өтті. Жоба шалғай елді мекендердегі педагогикалық кадрлар тапшылығы мәселесін тірек мектептердің тәжірибелі ұстаздары мен заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен шешуге болатынын нақты көрсетті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында өзекті мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын атап өтті. Оның басты себебі – ауылдық жерлерде білікті ұстаздар тапшы. Бұған жауап ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, еліміздегі барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын қолға алды.
2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында жоба «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» Ауылдағы флагман мектептерінің әлеуетін дамыту» ауқымды бастамасының негізіне айналды. Бүгінге дейін жобаға 140-тан астам мектеп қатысты, 2024 жылға қарай (может 2025 жылдың соңы) олардың санын 200-ге жеткізу жоспарланып отыр.
«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларын толықтыра отырып, өмірдің негізгі салаларында қазақстандықтардың алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған. Қордың негізгі миссиясы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда қайырымдылық көмек көрсету.
Білім беру саласындағы басым бағыттарды айқындау кезінде ауылдағы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет екені белгілі болды. Соңғы жылдардағы статистика білім сапасының нашарлағанын растап отыр.