Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Р. Марсеков атындағы орта мектеп

Мектеп туралы


Р.Марсеков атындағы орта мектеп – Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Қ. Қайсенов ауылында орналасқан заманауи білім беру мекемесі. Мектеп барлық жастағы оқушыға сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, бастауыш сыныптан жоғары сыныптарға дейін оқыту жүргізіледі.


Жобалық қуаттылығы мен оқушылар саны

  • Жобалық қуаттылығы: 600 орын

  • Оқушылар саны: 1148 оқушы

  • Оқу кабинеттерінің саны: 33

    • 1-4 сыныптарға арналған – 10 кабинет

    • 5-11 сыныптарға арналған – 21 кабинет

    • Мектепке дейінгі даярлыққа арналған – 2 кабинет


Материалдық-техникалық база

  • Заманауи оқу кабинеттері, интерактивті тақталар мен мультимедиялық жүйелермен жабдықталған.

  • Ағылшын және қазақ тілі кабинеттері.

  • Спорт залы дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған.

  • Интернетке және цифрлық білім беру ресурстарына толық қолжетімділік.


Педагогикалық құрам

  • Барлығы: 113 педагог (оның ішінде 10 сырттай қызметкерлер)

  • Зерттеуші педагогтар: 24

  • Сарапшы педагогтар: 26

  • Модератор педагогтар: 25

  • Жоғары санатты: 1

  • Бірінші санатты: 2

  • Екінші санатты: 2

  • Санатсыз: 33

  • Жас мамандар: 9


Білім беру бағдарламалары мен жобалар

Мектеп оқушылардың академиялық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары мен жобаларға белсене қатысады:

  • Пәндік олимпиадалар (мектеп, аудандық, облыстық деңгейде).

  • Ғылыми жобаларға қатысу және зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  • Математика, физика, IT-технологиялар, тілдер бойынша үйірмелер мен секциялар.

Мекен-жайы

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов ауылы, Жалын көшесі, 1/1

Жетістіктер

Мектеп оқушылары мен мұғалімдері жыл сайын республикалық, облыстық және аудандық байқауларда жоғары жетістіктерге жетуде:

2021-2022 оқу жылы:

Қайратұлы Дәулет (11 сынып) — Президенттік олимпиадада (математика, физика, химия) облыстық кезеңде III орын.
Республикалық «IQanat» мектебіне үш оқушы сертификат алды.
«Мың бала» республикалық олимпиадасында 6 сынып оқушысы математика және қазақ тілі пәндерінен гран-при иегері атанды.

2022-2023 оқу жылы:

Астана қаласында өткен «Наурыз кездесулері» республикалық байқауына қатысу.
«Мың бала» облыстық олимпиадасында 5 сынып оқушылары II орын иеленді.
«Ауыл дарыны» облыстық олимпиадасында «Үздік ауыл мектебі - 2023» жүлдесімен марапатталды.

2023-2024 оқу жылы:

5-6 сыныптар арасындағы облыстық олимпиадада: 3 орын – 5 оқушы, 2 орын – 2 оқушы.
Мұхамеджан Сырым (11 сынып) — Республикалық пәндік олимпиадада құқық негіздері бойынша II орын.
Жандосұлы Сырым (11 сынып) — Республикалық пәндік олимпиадада құқық негіздері бойынша III орын.
Расул Құсайынов және Мерей Тоқтамысов — IT-технологиялар бойынша жаңа идеялар халықаралық фестивалінде II орын.